Атырауда штапель талшығын өндіретін зауыт іске қосылады
Келер жылы Атырауда жоғары сапалы штапель талшығын өндіретін зауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын пластик бөтелкелерді қайта өңдейді. Жоба құны 2 млрд теңге. Жергілікті кәсіпкер «Жасыл даму» бағдарламасы аясында 3 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алған. Соның арқасында шетелден өндіріске қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс берген. Қазір кеңес кезінен қалған ғимаратты қайта жөндеп жатыр. Егер жоба жүзеге асса, қоршаған ортаға зияны жоқ құрылыс және басқа да инновациялық материалдар шығарыла бастайды. Зауыт алдағы көктемде ашылмақ.
Азамат Асылбеков, ЖШС құрылтайшысы:
Құрылғыларды алу бойынша Фибратекс жобасына 1 млрд 150 млн теңге қаржы алдық. Бұл қаржылар Қытайға өндірушілерге жөнелтілді. Енді алдағы қараша, желтоқсан айының соңына екі бөлек линияларымыз келу керек өндірістік.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12