Алматы облысында жеңіл автокөлік оқушылар мінген автобуспен соқтығысып, екі адам көз жұмды
Алматы облысында жеңіл автокөлік оқушылар мінген автобуспен соқтығысып, екі адам көз жұмды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында, ал оның жолаушысы ауруханада қайтыс болды. Автобус ішінде 34 оқушы болған. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы балалар клиникалық ауруханасына 12 жеткіншектің жеткізілгенін хабарлады. Оның 11-і амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Ал 1 оқушы хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Қазір жағдайы тұрақты. Жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Әбдінұр Тасыбаев, Облыстық ПД ЖПҚБ бастығы:
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде автобусқа жол бермей, соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12