«Junior Eurovision-2018» халықаралық ән байқауында еліміздің намысын Данэлия Төлешова қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Junior Eurovision-2018» халықаралық ән байқауында еліміздің намысын Данэлия Төлешова қорғайды

19.11.2018

Минск қаласында өтетін «Junior Eurovision-2018» халықаралық ән байқауында қазақтың намысын Данэлия Төлешова қорғайды. Қазір Беларусь елінде жүрген жас өнерпаз дүбірлі додаға тас түйін дайын екенін жеткізді. 9-14 жас аралығындағы орындаушылар бақ сынайтын байқауда Данэлия «Өзіңе сен» әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайды. Әзір, нешінші болып өнер көрсететіні беймәлім. Байқаудың ашылу салтанатында 20 мемлекеттен келген қатысушылардың қай нөмірде өнер көрсететіндігі жеребе бойынша анықталмақ. Ал, ән байқауының гранд-финалы 25 қараша күні болады. Қазақстандықтар 5 мемлекеттің қатысушысына, оның ішінде Данэлия Төлешоваға дауыс бере алады. Айта өтейік, әлемдік деңгейдегі жарысқа 200-дей қазақстандық жас орындаушыдан өтініш түскен. Оның 10-ны ғана финалға шықса, «Junior Eurovision»-ге жолдаманы жүзден жүйрік атанған Данэлия қанжығалаған болатын.

Данэлия  Төлешова, «Junior Еurovision-2018» байқауының қатысушы:

-Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мені қолдай келгендеріңіз үшін алғысым шексіз. Мен аздап уайымдап жүрмін. Сондықтан, әнімді жақсы орындап шығу үшін әзірлікті күнде пысықтап жатырмын. Дайындық бар ынта-жігермен жүргізіліп жатқандықтан, дода болатын күні толқымаймын деп ойлаймын.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу