Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
Америка жұртшылығы 2001 жылғы 11 қыркүйек терактісі құрбандарын еске алды. Қаралы рәсімге президент Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамп және Қорғаныс министрі Пит Хегсет қатысты. Рәсім барысында Құрама Штаттар жетекшісі сөз сөйлеп, Америкаға шабуыл жасалса, дұшпандарға аяусыз тойтарыс беретінін ескертті.
Әлемді дүр сілкіндірген лаңкестік шабуыл 24 жыл бұрын жасалды. Сол кезде ұшақтар Дүниежүзілік сауда орталығына, Пентагонға соғылып, Пенсильвания алаңына құлағанда 3 мыңға жуық адам мерт болды. Жанкештілер шабуылы үшін жауапкершілікті Осама бен Ладен мен «әл-Қаида» ұйымы мойнына алды. Ал АҚШ-тың оларды жою науқаны Ауғанстандағы соғысқа ұласқаны белгілі.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18