Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
Ауғанстанда өткен айдың соңында болған алапат зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр. Олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру. Мұны Халықаралық миграция ұйымы мәлімдеді. Дерекке сай, апаттан қираған аудандардағы 134 мың тұрғынды уақытша шатырларға орналастырып, шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін 16.8 миллион доллар жәрдем қажет.
Ауғанстанда магнитудасы 6 баллдық жер сілкінісі тамыздың 31-де болды. Одан 2200 адам қаза тауып, 7 мыңдай үй қирап, жарты миллиондай халық зардап шеккен.
Айта кетсек, биылдың өзінде бұл мемлекетке Иран мен Пәкістаннан 1,7 миллион
адам депортацияланды және де 800 мыңдай ауғандық ел ішінде босып жүр. Біріккен
Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, бұл адамдар да шұғыл көмекке мұқтаж.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18