Басты Жаңалықтар Маңғыстау облысында қоқысты заңсыз төккендер жазаланды

Маңғыстау облысында қоқысты заңсыз төккендер жазаланды

Маңғыстауда ғарыштық мониторинг нәтижесінде алпыстан астам заңсыз төгілген қоқыс анықталды. 

Оның басым бөлігі Мұнайлы ауданы мен Ақтау қаласының маңында төгілген. Үйілген қоқыстарды тазалау жұмыстары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Құзырлы орган өкілдері аймақта қоқыс қалдықтарын рұқсатсыз төгу дерегі жыл сайын қайталанатынын айтады. Биыл рейдтік шаралар кезінде заңсыз қоқыс төккен 4 адам ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Олжас Шаңытбаев, Маңғыстау облыстық Экология департаментінің бас маманы:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазір таңда «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық республикалық науқаны аясында біздің өңірде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері ол акцияға 47700 адам қатысып, 13500  түп ағаш отырғызылды. Телеграм чатында «Таза Қазақстан» боты іске асырылды. Жыл басынан бері 512-ден астам өтініш келіп түскен.


Бөлісу