Семейде өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
Бүгін Семейде өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Жаңа нысан барлық қажетті техника, құрал-жабдықтармен қамтылған. Құрылыс «Демеу Қазақстан» корпоративтік қоры есебінен қаржыландырылған. Ғимараттың жанында қызметкерлердің спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін фитнес-залы, демалатын бөлмелері бар. Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі өрт депосын салтанатты түрде ашып, мамандарға арнайы техниканың кілттерін табыстады. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл облыстық бюджеттен 1 милиард 300 миллион теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 200-ден астам заманауи техника сатып алынды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табады, дейді мамандар.
Шыңғыс Әрінов, Төтенше жағдайлар министрі:
30 жылда ең алғашқы құрылысымыз. Бүгін қабылдап жатырмыз. Құрылыс тұрмақ, ешбір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мұның бәрін қолға алдық. Бірлесіп жоспар құрып жатырмыз. Абай өңірінде тура осындай өрт сөндіру бөлімдері, құтқару бөлімдері бүкіл өңір бойынша салатын ойымыз бар.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17