Ақтөбеде мұнай өнімін ұрлағандар ұсталды
Ақтөбеде мұнай ұрлап сатумен айналысқан тұрғынға сот үкімі шықты. Ол бір жыл бұрын кәсіпорын аумағынан 16 тоннаға жуық мұнайды заңсыз алып өтпек болған.
Сұйық отынды тасымалдау үшін тіркемесімен бірге «Камаз» маркалы автокөлікті жалдаған. Тәркіленген шикізаттың нарықтағы құны 1 млн 700 мың теңгеден асады. Сотта айыпталушының кінәсі толықтай дәлелденіп, оған 200 мың теңге айыппұл салынды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары қауіпті қалдықтарды өңдеуге қатысты да заң бұзушылықты әшкереледі. Жеке кәсіпкер сыбайластарымен бірге қолданылған май қалдықтары мен мұнай шламдарын ешқандай құжатсыз кәдеге жаратып келген.
Жадан Бисенбин, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:
Оларды пештік отын ретінде және екінші реттік шикізат ретінде пайдаланғаны белгілі болды. Бұл қызметті Ақтөбе облысы аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүргізген. Алдын ала деректер бойынша өнімді заңсыз өткізу айналымының жалпы көлемі 800 млн теңгеден асты.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05