Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95 %-ы судья болып жұмыс істейді
Жоғары
Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы түлектерінің 95 пайызы судья болып
жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін оқу орнының вице-ректоры Қанат Мусин баспасөз
мәслихатында айтты. Сол себепті болар бұл академияға грантқа түсу үшін бір
орынға он адам таласады. Биыл құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы және
тікелей қабылдау жолымен жүзеге асырылған. Нәтижесінде 605 өтініш тіркелген. Соның
ішінде 98 адам магистратураға қабылданып, алпысы грантқа түскен.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы сот төрелігі академиясының вице-ректоры:
Бізде жыл сайын 60 бюджеттік орын бөлінеді. Сонымен қатар ақылы негізде магистранттарды қабылдаймыз. Былтыр да, биыл да 100-ге жуық магистрант қабылданды. Соңғы 3 жылда, тіпті 5 жылда 95 пайыздан астам біздің түлектеріміз судья болады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17