Қорғаныс министрлігі қарулы күштерді цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу жұмыстарын бастады
Қорғаныс министрлігі еліміздің Қарулы күштерін цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жұмыстарды бастады. Бұл туралы министр Дәурен Қосановтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиынға Қарулы күштер басшылығы, өңірлік қолбасшылар мен әскери оқу орындарының жетекшілері қатысты. Министр Жолдаудағы міндеттерге сәйкес, барлық әскери бөлімдерде жыл соңына дейін жергілікті желі құрылысын аяқтау, оқу үдерісін толық цифрландыру және жасанды интеллектіні оқыту курстарын енгізу тапсырылғанын жеткізді. Болашақта әскеріміз күрделі гибридтік қатерлерге жауап бере алатын, шапшаң әрі жоғары технологиялы армия болуы қажет, деді Дәурен Қосанов.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Біз қазір үш жылдық цифрлық трансформациялық жол картасын бітіргелі жатырмыз. Онда негізгі акцентті жасанды интеллектіге қойып жатырмыз. Жақын арада ЖИ басқармасын құрған болатынбыз. Ол қол астымызда жүріп жатқан AI жобаларды біріктіріп, жалпы ЖИ-ді Қорғаныс министрлігіне қалай енгізу концепциясын құрып жатыр.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18
Талдықорғанда жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды
26.10.2026, 20:12
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
26.10.2026, 20:04