Маңғыстау облысында үлгілі ауылдар анықталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары анықталды. Шараға 39 ауыл қатысып, ақтық кезеңде 10 ауыл бақ сынаған. Байқауда елді мекендердің тазалығы, абаттандырылуы, инфрақұрылымдық жағдайы, тұрғындардың белсенділігі, мәдениет, спорт және білім саласындағы жетістіктері сынға түскен. Қорытындысында 7 елді мекен үздік деп танылды. Бірінші орынды алған Бейнеу ауылына 10 млн теңге берілді. Сайын Шапағатов екінші, Құрық ауылы үшінші орынды иеленді. Халқының саны 3 мыңнан аспайтын елді мекендер арасында да 3 үздік ауыл анықталып, қаржылай сыйлықтар алды.
Сырғалай Қанатқызы, Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны:
Ауылымыз да көркейіп, өсіп келе жатыр. Барлық жағдай жасалған. Басшыларымыз да осы ауылдың игілігі үшін қызмет етіп жатыр. Теңіз жағалаулары барлығы халық үшін демалыс орнына жақсы жасалған жұмыстар. Газ, су, тоқ дегендер жақсы кәзір, бұрынғыдай емес қалыпқа келіп қалды.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04