Елімізде 300 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады
Елімізде 300 мыңнан астам адам бұқаралық спортпен шұғылданады. Бұл мәліметті Туризм және спорт министрлігі ресми сайтында жариялады.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша сегіз жарым миллионға жуық адам спортты серік еткені белгілі болған. Бұл – жалпы халықтың 40 пайыздан астамы. Ал 3 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданады екен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 300 мыңнан астам адамға артқан. Балалар спортын даму мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлініп, 7 мыңнан астам спорт секциясы ашылды. Нәтижесінде 240 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар ел бойынша 912 жасөспірімдер клубы жұмыс істеп, 298 мыңнан астам бала мен жасөспірімнің спортпен айналысуына мүмкіндік беріліп отыр.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
