Басты Жаңалықтар Алматы облысында ҚХА І сессиясы өтті

Алматы облысында ҚХА І сессиясы өтті

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Мемлекет басшысы ұлттар достығы мен келісімін басты құндылық деп атап өтіп, ел татулығын нығайтуға баса мән беріп келеді. Жиында этносаралық келісім мен бірлік идеясын насихаттау, қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолдары талқыланды. Ассамблея мүшелері ауданның әлеуметтік-мәдени дамуына үлестерін қосуға дайын екенін жеткізді.


Еңбекшіқазақ ауданы – халқы тығыз қоныстанған аймақ. Елді мекенде 285 мыңға жуық тұрғын бар, оның 41 пайызы – түрлі этнос өкілі. Ұлт пен ұлыстың қарым-қатынасын нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы өтті. Облыстық ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аркенжан Жұмаевтың айтуынша, бастама – ұлттар достығын одан әрі нығайтудың маңызды қадамы.


Аркенжан Жұмаев, облыстық ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы:


Біздің ауданда құрылып жатқан соң  нақты жергілікті жерде мәселелер шешіледі. Халықпен кездесулер жиі-жиі өтіп,  талқылайды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында ұлт бірлігін нығайтудың бірнеше тетігін атап өткен. Құзырлы орган мен әкімдіктер Ассамблеяның этномедиация саласындағы жұмысына қолдау көрсетуі тиіс. Сондай-ақ облыс орталықтарында «Достық үйін» салу қажеттігін де жеткізді. Осы тапсырмаға сай Алматы облысы Қонаев қаласында 1200 шаршы метр аумақта жаңа ғимарат пайдалануға берілмек.


Елбосын Абай, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ басшысы:


Қазан айында құрылыс басталады. Үлкен достық үйі салынады. Алматы облысы бойынша 34 мәдени бірлестік жұмыс істейді. Оларға әрқайсына жұмыстарын ілгерілету мақсатында кабинеттер бөлінеді.


Ауданда қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Алдағы сессияда этномәдени бірлестіктердің қызметін қолдау және қоғамдағы бірлікті арттыру мәселелері талқыланады.


Нұрдәулет Сыздық

Бөлісу