Жетісу облысында қылмыс 11 пайызға азайған
Жетісу облысында барлық санаттағы қылмыс көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 2%-ға азайған. Өңірде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жыл басынан бері 3 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде мас күйінде қоғамдық орындарда тәртіп бұзған 4 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нашақорлар жиналатын 141 притон анықталған. Ал әкімшілік қадағалау орнатылған 60 адам қосымша бақылауға алынды. Қылмыстың алдын алу шараларына қоғамдық көмекшілер, волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар да белсене атсалысқан.
Учаскелік жедел профилактикалық іс-шарасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес Жетісу облысы аумағында, ҚР аумағында өткізіліп жатыр. Мақсаты – әр аудан, әр аула тексеріліп қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстарға жол бермеу. 1 қыркүйектен бастап, 30 қазан айына дейін өткізіледі.
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03