Басты Жаңалықтар Стамбұлда оппозиция жақтастары полициямен қақтығысты

Стамбұлда оппозиция жақтастары полициямен қақтығысты


Осылай, Түркияның Стамбұл қаласында оппозициялық Республикалық халық партиясы жақтастарының шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Жүздеген демонстрант жаппай жиналыстарға тыйым салынғанына қарамастан партия штаб-пәтерінің жанына жиналған. Тәртіп сақшылары оларға қарсы бұрыш спрейін қолданды. Шеруге партияның жергілікті басшысын сот уақытша аластатуы себеп болды. Бұған қоса, оппозиция митингілер мен жиналыстарға тыйым салынуына қарсы шыққан. Республикалық халық партиясы Стамбұлдағы бөлімшесінің басшысы Озгюр Челик партия съезіндегі заң бұзушылықтарға жол берді, сайлауға ықпал етуге тырысты деп айыпталып отыр. Айта кетсек, кейінгі жылдары бұл партияның жүздеген мүшесі сотқа тартылып, қамауға алынды. Солардың қатарында Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы да бар.


Бөлісу