Е.Қарин: Қазақстан кезекті рет саяси жаңғырудың үлгісін көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Е.Қарин: Қазақстан кезекті рет саяси жаңғырудың үлгісін көрсетті

Е.Қарин: Қазақстан кезекті рет саяси жаңғырудың үлгісін көрсетті

Қазақстан кезекті рет кезең-кезеңімен және жан-жақты жүзеге асырылатын саяси жаңғырудың үлгісін көрсетті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бүгінгі Президент Жолдауына қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, «Ұсынылған Парламенттік реформа президенттік саясаттың «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» басты формуласын дамытады. Референдум өткізу жөніндегі ұсыныс Президенттің ел болашағын айқындайтын түйінді мәселелерге қатысты тек қана келісе отырып шешім қабылдау қағидатының өзгермейтінін көрсетті. Президент осымен бірнеше рет алдағы саяси жоспарын алдын ала әрі ашық жариялады. Осы тұста айрықша атап өтерлігі - әңгіме Конституцияға жедел түрде өзгерістер енгізу немесе Парламент сайлауын жариялау туралы болып отырған жоқ. Мақсат бұл емес. Басты әрі негізгі мақсат – саяси жүйенің институционалдық негіздерін одан әрі нығайту. Сондықтан Президент ойластырылған, бірізділікке негізделген дәйекті тәсілді құптайды. Ең алдымен сарапшылар мен көпшілік қауым арасында жан-жақты әрі терең талқылау жүргізу қажет».

Бөлісу