БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
Батыс Қазақстан облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 17 мыңға жуық адам қаржылық сауатын арттырды.
Жолдауда Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған
жобаны ары қарай да жалғастыру қажеттігін тапсырды. Былтыр елімізде осы жоба
аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алған. Ал өңірде тек
биылдың өзінде 10 мыңға жуық адам оқыту курсынан өткен. Азаматтар онлайн да,
офлайн түрде де білім алып жатыр. Курс соңында сертификат беріледі. Жолдауда
айтылғандай: «Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес,
азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету».
Азамат Сафималиев, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
Президентіміз айтқан, жалпы еліміздің «Қарызсыз қоғам» партиялық жобамыз бар осыдан үш жыл бұрын басталған, 2022 жылы. Анализ жасалды «Amanat» партиясы. Қандай форматта, қандай санаттағы азаматтарымызды оқытамыз деген. Сосын 90 күннен артық қарыздары бар азаматтарды жинап, барлық ауданда өтті бұл оқулар. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 3 боксшы жеңіске жетті
08.09.2025, 20:32

EXPO 2025: Қазақстан павильоны миллионыншы мейманын қарсы алды
08.09.2025, 20:29
Сарапшылар: Дамудың нақты бағыты айқындалды
08.09.2025, 20:21
Бір палаталы Парламенттік жүйе еліміздегі реформаларды жаңа деңгейге шығарады
08.09.2025, 20:09
Таразда жасанды интеллект суды үнемдеуге серпін береді
08.09.2025, 20:06
Парламенттік реформаға қатысты халық пікірі
08.09.2025, 20:04
Еліміз бойынша кәсіпкерлікті қолдауға 2,2 трлн теңге бөлу қарастырылған
08.09.2025, 20:00
Жұмысшы мамандарға лайықты жалақы төлеу қажет
08.09.2025, 20:00