Жолдау: Жасанды интеллект дәуірі
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландыру саласына баса назар аударып, елдегі өзекті мәселелерге түбегейлі сандық өзгерістер керек екенін айтты. Қазақстан халқы Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.
Бауыржан Атауов, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы:
Қайта-қайта Президенттің тоқталған мәселесі бұл – жасанды интеллект, цифрлық дамыту. Осы жағдай біздің тез қарқынмен экономиканың дамуына, халықтың сапалы, нәтижелі, өзіне қажет ақпарат алуына және сыбайлас жемқорлықтың болмауына үлкен себепші. Мемлекет басшысының Жолдауын ел болып бір бағытқа алып, жұмыс істейміз.
Біржан Есжан, Ақан сері атындағы СҚО филармониясының көркемдік жетекшісі:
Архивтерде сақталған қаншама қорымыз, мұрағатымыз бар, қаншама бай мәдениетіміз бар. Кітапханаларда, музейлерде бар. Осының барлығын цифрландыратын болсақ, тек қана біздің Қазақстан халқы ғана емес, оны бүкіл әлемге танытуға болады. Мінеки, біз қаншама бай мәдениетіміз бар деп мақтанамыз, бірақ өзіміз ғана білетін сияқты болып көрінеді.
Темірлан Айтбаев, қоғам белсендісі:
Жасанды интелект енді өмірдің әрбір сатысында кеңінен қолданылып келеді. Ол тиімді ресурсты дұрысынан пайдалануға мүмкіндік береді. Оның артықшылығы өте көп. Уақытты үнемдеуге, сценарийді біркелкі шаблонда жазуға көмектеседі. Мәтіндік ерекшелік жағынан жасанды интеллектінің пайдасы өте көп деп ойлаймын.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
