Атыраулық оқушы жолдағы шұңқырларды анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Жол сапасын жақсартуға мектеп оқушылары да өз үлесін қосуда. Атыраулық жас өнертапқыш 11 сынып оқушысы Саян Ибрагимов жол бетіндегі шұңқырларды анықтайтын арнайы құрылғы ойлап тапты. Оның мақсаты – жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Құрылғы жолдың ой-шұңқырын автоматты түрде анықтап, мәліметті бірден арнайы базаға жібереді. Бұл деректер жол жөндеумен айналысатын мекемелерге көп көмегін тигізері сөзсіз. Қарапайым құрылымымен ерекшеленетін жоба – Саянның өз идеясы. Өткен жылы мұны ғылыми жоба ретінде қорғап шыққан. Ендігі жоспары биыл құрылғыны одан әрі жетілдіріп, қолданысқа енгізу.
Осы құрылғыны әкем екеуміз көліктің астына бекіттік те үй жақтағы жолдарда бір жүріп өттік. Бәрі ойдағыдай өтті. Бүкіл шұңқырларды анықтап берді. Мұның барлығы excel деген программаға түседі. Енді осы жобамды жетілдіріп әр түрлі стартаптарға, жарыстарға қатысамын деген үміттемін.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12