Палестинаны қолдауға арналған шеруге 110 мың адам қатысты
Брюссельде Палестинаны қолдауға арналған жалпыеуропалық шеру өтті. Палестина-Бельгия қауымдастығы ұйымдастырған шараға 110 мыңнан аса адам қатысқан. «Палестинаға бостандық, «Геноцидті тоқтатыңдар»,- деп ұрандатқан шерушілер ЕуроОдақ басшыларынан Газадағы атысты тоқтатып, Израильге қарсы экономикалық, дипломатиялық санкция енгізуді талап етті. Палестина-Бельгия қауымдастығы ұйымы өкілдерінің мәліметінше, Газада қаза тапқандардың саны 64 мыңнан асқан.
Палестинада кішкентай балаларды, сәбилерді жазықсыз өлтіріп жатыр. Қаншама бала әке-шешесінен айырылды. Соғысты тезірек тоқтатуды өтінемін.
Еуропалық Одақ Израиль үкіметінің Палестинада жасап жатқан сорақылығын геноцид деп тануы тиіс. Газадағы атысты тоқтатып, Палестинаға бостандық берілсін.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17