Ибрагимова мен Әбікеева Әлем чемпионатында келесі кезеңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ибрагимова мен Әбікеева Әлем чемпионатында келесі кезеңге өтті

Ибрагимова мен Әбікеева Әлем чемпионатында келесі кезеңге өтті

Ливерпульде өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының екінші күні ел боксшылары жанкүйерлерін қуантты. Бүгінгі күндізгі сессияда екі қазақстандық спортшы рингке шықты. Алдымен 57 келі салмақта Карина Ибрагимова Грекия өкілімен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазылар бірауыздан боксшымыздың пайдасына шешім шығарды. Есеп — 5:0. Осылайша Карина 1/8 финалға жолдама алды. Ал келесі жекпе-жекте 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бақ сынады. Венгрия боксшысымен қарсы өткен кездесуде алғашқы раундты қарсыласына беріп қойғанымен, қалған кезеңдерде басымдықты өз қолына алып, сенімді жеңіске жетті. Айта кетейік, Әлем чемпионаты 4 қыркүйекте басталып, 14-іне дейін жалғасады. Жарысқа 60-тан астам елдің өкілдері қатысуда. Жерлестерміз қатысатын жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» теларналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Бөлісу