Н.Мохтар: Ядролық медицинаның қатерлі ісікті емдеуде әлеуеті жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Н.Мохтар: Ядролық медицинаның қатерлі ісікті емдеуде әлеуеті жоғары

Н.Мохтар: Ядролық медицинаның қатерлі ісікті емдеуде әлеуеті жоғары

Ядролық медицина – заманауи онкологияның ажырамас бөлігі. Ядролық технологияларды медицинада қолдану маңызды. Халықаралық атом энергиясы агенттігі бас директорының орынбасары Наджат Мохтар Ұлттық арнаға берген эксклюзив сұхбатында осылай дейді. Ол Алматыда өткен онкологтар саммитіне арнайы қатысты. Радиациялық медицина, әсіресе қатерлі ісік ауруларын емдеуде әлеуеті жоғары екеніне тоқталды. Халықаралық конференцияға АҚШ, Испания, Түркия, Үндістан, БАӘ, Израиль секілді елдерден жетекші ғалымдар, онколог, радиотерапевт пен химиотерапевт секілді мамандар қатысты. Іс-шарада МАГАТЭ мен Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы меморандумға қол қойды. Енді отандық ғалымдар Халықаралық атом энергиясы агенттігі мамандарымен бірлесіп, атом энергетикасы, ядролық физика, ауыл шаруашылығы, медицина, су ресурстары бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізбек.

Наджат Мохтар, МАГАТЭ Бас директорының орынбасары, ядролық ғылымдар және қолданбалар Департаментінің басшысы:

Қазақстан адам капиталына баса назар аударып отыр. Мен мамандар даярлау, студенттер мен жетекші ғалымдарды шетелде оқыту, жаңа технологияларды үйрету ісіне ерекше көңіл бөлетіндеріңізді аңғардым. МАГАТЭ ұйымымен енді өзара ынтымақтастық бар. Бұл бағытта біз медицина физиктері мен радиациялық қауіпсіздік мамандарын оқытып, халықтың да, қоршаған ортаның да қорғалуына ерекше мән береміз.
Бөлісу