«Ұлттық қор – балаларға»: $8880 млн түсті
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында былтыр 18 жасқа дейінгі балалардың шотына 8 млн 880 мың АҚШ доллары түсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Бағдарлама бастапқы капиталды қалыптастырады. Ал «Келешек» жүйесі әр бүлдіршінге жоғары білім алуға қажетті қаражатты жинақтауға мүмкіндік береді. Арнайы есепшотқа мемлекет те, ата-ана да қаржы салады. Бастапқы капитал ретінде мемлекеттен 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 236 мың теңгеге жуық ақша түседі. Оған қоса 7 пайыз сыйақы беріледі. Бастапқы капиталды алу үшін ата-ана өз салымдарын ай сайын аударып отыруы керек. Осылайша барлық қаржы көзі мен сыйақыны қосқанда, 18 жасқа дейін есепшотта 5 млн теңгеден аса қаражат жиналады. Егер мектеп түлегі мемлекеттік грант жеңіп алған жағдайда, шотта жинақталған қаражатқа тұрғын үй сатып алуына болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
