Астанада өтетін БҰҰ-ның арнайы сессиясы діни нысандарды қорғауға арналмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада өтетін БҰҰ-ның арнайы сессиясы діни нысандарды қорғауға арналмақ

Астанада өтетін БҰҰ-ның арнайы сессиясы діни нысандарды қорғауға арналмақ

16 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі аясында алғаш рет БҰҰ Өркениеттер Альянсының арнайы сессиясы өтеді. Онда діни нысандарды қорғау мәселесі көтерілмек. Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының хабарлауынша, жиын БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен әзірленген іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл құжат киелі орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тетіктерді нығайту бағытындағы нақты қадамдарды қамтиды. Әлемде әр халықтың қастерлеп, құрмет көрсететін мекені бар. Мәселен, біздегі Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі. Осындай рухани ордаларды қорғау - адамзат алдындағы үлкен міндет. Мұндай маңызды халықаралық шараны өткізу үшін Қазақстанның таңдалуы елдің бейбітшілік пен мәдениетаралық диалогты нығайтудағы жетекші рөлін көрсетеді. Бұл – съезд алаңын тек діни емес, жаһандық қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын маңызды дипломатиялық платформаға айналғанының көрінісі, - дейді сала мамандары.

Бөлісу