Жақын арада Қазақстан мұнай өндірісін жылына 100 млн тоннаға жеткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жақын арада Қазақстан мұнай өндірісін жылына 100 млн тоннаға жеткізеді

Жақын арада Қазақстан мұнай өндірісін жылына 100 млн тоннаға жеткізеді

Жақын арада Қазақстан мұнай өндірісін жылына 100 млн тоннаға жеткізеді. Мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекет басшысы осылай деді. Жалпы, егемендік алғалы елдегі өндіріс 4 есе өскен. Қазіргі уақытта шикізатты терең өңдеуге баса мән беріліп отыр. Елдегі үш өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында ішкі нарық толық отандық жанар-жағармаймен қамтылып отыр. Келесі кезекте салаға жаңа технология мен жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұр. Жалпы, көмірсутегі дүниежүзінің энергетика нарығында бұрынғыдай басты рөлге ие бола береді, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркеюде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.

Бөлісу