Сағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Сағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында спортшымыз жарысты сәтті бастады. 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық ағылшын боксшысы Айзек Окоумен кездесіп, ерекше ерік-жігер таныту арқасында жеңіске жетті. Бірінші раундта Сағындық 1:4 есебімен жеңілді, алайда келесі екі раундта 3:2 және 5:0 есебімен басым түсті.
Сағындық Тоғамбай - 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2022 жылғы Азия чемпионаты және Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Ал әйелдер арасында Элина Базарова 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шықты. Ол өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесіп, өкінішке қарай, жеңілді.
Айта кетейік, дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
