«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчына билеттердің сатылымы 20 қыркүйекте басталуы мүмкін
«Қайрат» – «Реал» матчына билеттердің сатылымы 20 қыркүйекте басталуы мүмкін. «Әзірге нақты мерзім белгіленген жоқ. Бірақ матчқа он күн қалғанда саудалау жоспарланып отыр», - дейді Туризм және спорт вице-министрі. Ал Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтарын билет сатып алу кезінде сақ болуға үндеді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар қарсаңында интернетте жалған билет ұсынатын алаяқтар көбейеді. Полиция тұрғындарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстарға сақ болған жөн. Еске салайық, 30 қыркүйекте алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Реал Мадридке» қарсы ойнайды.
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
