Медицинадағы цифрландыру: Атырау перинаталдық орталығына жаңа аппарат берілді
Атырау облысы перинаталдық орталығына тыныс алуы бұзылған балаларды емдеуге арналған жаңа аппарат табыс етілді. Игі шара «Өмір сыйлайық» қайырымдылық жобасы аясында өңірдегі алпауыт мұнай компаниясының демеуімен жүзеге асты. Азот тотығымен терапия жүргізетін бұл аппарат АҚШ, Жапония, Еуропалық одақ елдеріндегі неонаталдық реанимацияларда кеңінен қолданылады. Енді бұл ғимарат осындай жабдығы бар Қазақстандағы 7 перинаталдық орталықтың бірі атанды. Жаңа аппарат жыл сайын кем дегенде 25 баланың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, дейді ақ халаттылар.
Қазбек Ермағамбетов, облыстық перинаталдық орталығы директоры:
Бұрын дәрі-дәрмек қолдану арқылы ұзақ мерзімді терапиямен балаға көмек көрсеттік. Қазіргі таңда осы құрылғыны қолдану арқылы халықаралық деңгейде өзіміздің Денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген хаттамасына сай емді қолданамыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12