Мемлекеттік кеңесші жас көшбасшылармен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Жастар Президент бастамаларының негізгі қозғаушы күші саналады. Жиында Ерлан Қарин есірткіге қарсы іс-қимыл мәселесіне айрықша тоқталып, жас лидерлерді нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстарына белсене атсалысуға шақырды. Сондай-ақ жастар ұйымдары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасына елеулі үлес қосқанын жеткізіп, алдағы уақытта осы науқанның ауқымын кеңейту қажеттігіне назар аударды. Кездесу соңында Ерлан Қарин мемлекет жастарға қолдау көрсетіп қана қоймай, жүргізіп жатқан реформаларда оларға негізгі рөлді сеніп тапсырғанын жеткізді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04