Қазақстанда қос азаматтыққа қатысты қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін
Қазақстанда қос азаматтыққа қатысты қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін. Мәселені Мәжіліс депутаты көтеріп, сұрағын Ішкі істер министріне қойды. Депутат Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, елімізде қос азаматтықты жасырып жүргендер аз емес. Барлығы екі елдің жеңілдіктерін пайдаланады. Ұсталғандар айыппұл төлеп, құтылады. Себебі, жауапкершілікке тарту тек 690 мың теңге көлеміндегі айыппұлмен шектелген. Ал Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған. Бірақ, заң солқылдақ. Сондықтан жазаны қатаңдату бойынша Ішкі істер министрі жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Ержан Саденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Заң қабылдасаңыз, біздің бірінші қаруымыз. Біз жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл Ұлттық қауіпсіздік мәселесі, тыныштық мәселесі болған соң әрине талқылауға дайынбыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06