Атыраулық зауыт өнімінің 40 пайызын экспортқа шығарады
Атыраулық кәсіпкерлер өндірісті дамытып, экспортқа көбірек ден қоя бастады. Мәселен, өткен жылы іске қосылған полиэфирлі геосинтетикалық материал шығаратын зауыт тауардың 40 пайызын ТМД елдеріне жөнелтеді. Өңірде баламасы жоқ кәсіпорын жылына 15 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы. Бұл бастама құрылысшыларды жергілікті тауармен қамтуға мүмкіндік береді әрі отандық өнімнің ішкі айналымдағы үлесін арттырады. Бағасы да қолжетімді. Дайын өнімді жол құрылысына, темір жол, ғимарат негіздеріне және дренаждық жүйелерде және т.б. салада қолданады. Биыл компания қосымша 4 млрд теңге инвестиция тартып, тағы 3 жобаны жүзеге асырмақ. Бұл 160 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Нұрлан Тұрланов, өндіріс директоры:
Соңғы уақытта экспорт ұлғайды. Біз импортқа тек шикізат алып отырмыз. Өндірістің шикізаты «штапельный полиэфирный волокно» деп аталады. Қазіргі уақытта Өзбекстаннан, Түрікменстан және Ресейден аламыз. Жоспарда өзіміз шикізат өндіретін зауыт салу жоспарда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12