Қазақстанда Кардифф университетінің филиалы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда Кардифф университетінің филиалы ашылды

03.09.2025

Қазақстанда әйгілі Кардифф университетінің филиалы ашылды. Астанада орналасқан жоғары оқу орнында студенттер 4 бағытта білім алады. Атап айтқанда «Жасанды интеллект», «Компьютерлік бағдарламалау», «Бизнес менеджмент» және «Құрылыс» мамандықтары бар. Қазақстандық студенттер оларды тегін меңгере алады. Ал шетелдіктер ақылы негізде оқиды. Айта кетсек, Кардифф – әлемнің үздік 100 университетінің бірі. Бұған дейін шетелде оның филиалы болмаған. Бүгін Астанада ашылған ғимараттан бөлек тағы 20 гектар аумаққа үлкен кампусы салынып жатыр.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

Бүгін ашылып жатқан Кардифф университеті 315 баланы қабылдады. Соның 300-і грантта оқып жатыр. Ең жоғары ҰБТ балл жинаған балалар қабылданды. Яғни тек 137-138 балладан жинаған балалар келді Кардиффқа. Бұл не демек? Енді біздің дарынды студенттеріміз шетелге жібермей, Қазақстанда қалдырамыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде кейінгі үш жылда әлемнің үздік университеттерінің 40 филилалы ашылған. Алдағы жылдары олардың санын көбейтіп, Қазақстанды академиялық хабқа айналдыру көзделіп отыр. Біздің университеттерде қазірдің өзінде 93 елден келген 32 мың студент оқып жатыр.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу