Абай облысындағы жолдардың 70 пайызы биыл жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Абай облысындағы жолдардың 70 пайызы биыл жөнделеді

Абай облысындағы жолдардың 70 пайызы биыл жөнделеді

Абай облысында 584 шақырым жолда қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Оған қоса, 250 шақырым жол орташа жөнделеді. Әсіресе жылдар бойы қараусыз қалып, тас-талқаны шыққан тас жолдар ретке келтірілуде. «ҚазАвтоЖол» мамандары жақында орташа жөндеу көрген «Өскемен-Семей» бағытының бір бөлігін жаңалап, тапсырды. Аталған жол Абай облысы Шығыс Қазақстаннан бөлінгелі қараусыз қалған. Тәулігіне 6 мыңнан астам көлік қатынайтын республикалық трассада жұмыстар келесі жылы да жалғасады. Ал жылдар бойы құрылысы сағызша созылып кеткен «Қалбатау-Майқапшағай» күре жолында асфальт төсеу аяқталды. Қолданысқа беріліп жатқан тас жолдардың сапасын қоғам белсенділері мен мамандар жіті бақылауда. Жыл басынан бері 200 ден астам тексеру жүргізіп, жол құрылысына қолданған материалдардан мыңға жуық сынама алған.

Айбек Аманбеков, ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалының директоры:

Қазірдің өзінде Көкпектіден, Майқапшағайға дейін толықтай қосылды. Қазір ең соңғы қабат – сол жұмыстар аяқталады. Келесі жылы 522 шақырым жол жөндеу жоспарымызда бар. «Өскемен-Семей» толықтай 100 пайыз орташа жөндеуден өтетін болады. Одан бөлек Ресей шекарасына шығатын жерде екі учаске жоспарлап отырмыз.

Ақнұр Қайратқызы, қоғам белсендісі:

Соңғы екі жылдың көлемінде, біздің Абай облысы бөлінгелі бері жолдардың сапасына аса қатты назар аударылып жатыр. Екі жылдың ішінде тоқтамай тексеріс те тексеріс жасап жатырмыз. Осы жақтың тұрғындары. Бізден бұрын сол кісілер жүреді. Ең бастысы сол кісілер, халық риза. Халықтың пайдасына берілгеніне ризамын.

Ержан Жақып

Бөлісу