Елімізде емханаға тіркелу науқаны басталды
Қарашаға дейін өзіңіз қаралып жүрген емхананы ауыстыра аласыз. Денсаулық сақтау министрлігі жылына бір рет өтетін науқанның басталғанын хабарлады. Биыл тіркелу тәртібінде қандай өзгерістер бар? Тұрғындар нені білуі керек?
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Емхананы өзге ауданға көшсеңіз не жұмыс орнын өзгертсеңіз ғана ауыстыра аласыз. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен талап осындай. Бірақ қазір өтіп жатқан екі айлық науқан кезінде өзіңіз қаралатын аурухана көңіліңізден шықпай жүрсе, басқасын таңдай аласыз. Ол үшін eGov порталындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық ұйымға бекіту» батырмасын басасыз. Сосын аурухананы және терапевт дәрігерді таңдайсыз. Бір терапевтке тіркелген науқастардың саны 1700-ден аспауы керек. Сондықтан жақындарыңыз кеңес берген дәрігерге жазылып үлгеремін десеңіз, ауруханаға тіркелуді кейінге қалдырмаңыз. Өтінімге жауап 3 жұмыс күнінде келеді. Ескеретін жайт, аурухана сізді өзіне тіркегенін eGov порталынан немесе 1414 нөміріне хабарласып, міндетті түрде тексеріп алу керек. Өйткені, онда орын толып қалса, өтінім қабылданбайды. Ал сіз тіркелдім деп ойлап, дәрігерге қаралу керек кезде қиын жағдайға қалуыңыз мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, аурухананы өзіңіз тұрып жатқан маңайдан ғана емес, кез келген жерден таңдай аласыз. Десе де, маман тапшылығы бар-жоғын сол ауруханының өзіне хабарласып, біліп алыңыз. Өйткені кейбірінде хирург, эндокринолог, аллергологтар жоқ. Мұндай жағдайда жолдама арқылы үйіңізден алыс жердегі емханаға баруға тура келеді. Еске салайын, науқан бірінші қарашаға дейін жалғасады. Тұрғындар тіркелгеннен кейін бірден емес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мекемеден қызмет ала бастайды. Оған дейін бұрынғы емханаға бара береді.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
900 мың адам ЖИ технологияларын меңгерді
27.01.2026, 20:55
БҚО-дағы Бірлік ауылында халық жылдар бойы күткен кірме жол салынды
27.01.2026, 20:51
ДСМ: Медициналық туризмнің дамуы қарқынды
27.01.2026, 20:47
Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті
27.01.2026, 20:32
Қазақстандағы реформалар елді трансформациялауға бағытталған
27.01.2026, 20:18
Конституциялық реформа – ел дамуына бастайтын қарымды қадам
27.01.2026, 20:17
Сирек металдар стратегиялық маңызды ресурсқа айналды
27.01.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
27.01.2026, 20:13