Бүгін ел аумағында 83 жаңа мектеп ашылды
Бүгін республика бойынша 115 мың оқушыға арналған жаңа 83 мектеп ашылды. Соның арқасында Шымкент, Ақмола және Қызылорда облыстарында аядай ғимаратта оқыған балалар кең білім ордаларына көшті. Бұл өңірлерде енді үш ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ. Оқу-ағарту министрінің айтуынша, қазір елімізде 232 білім ордасы салынып жатыр. Тағы 245 мектеп жаңғыртудан өтпек. Басымдық негізінен ауылдарға беріледі, дейді Ғани Бейсембаев.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бұл ауылдардың сақталып қалуына және ондағы білім сапасының артуына ықпал етеді. Ендігі мақсат – ауылдағы балаларға сапалы білім беретін мұғалімдерді цифрлық мүмкіндіктер арқылы жеткізу. Сонда балаларымыз қай жерде оқыса да, жақсы білімге қол жеткізе алады. Президенттің бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты талабы да осы.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестициялық қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді
23.07.2026, 09:14
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16