Ұлттық арнада жаңа маусым! Қоғамдық-саяси, әлеуметтік оқиғалар мен мәселелерді талқыға салатын «Ашық алаң» ток-шоуы бүгін эфирге қайта оралады. Бағдарлама әдеттегідей сағат 20:30-да басталады. Ал «Ашық алаңнан» соң сағат 21:20-да «Ақжауын» телехикаясының үшінші маусымы басталады.
Ұлттық арна жаңа маусымда өз көрермені үшін әлеуметтік-қоғамдық және музыкалық, ойын-сауық жобаларын ұсынады. Әлеуметтік, отбасылық, тұрмыстық және құқықтық мәселелерді ашық форматта қозғайтын «Қазір айтайық» бағдарламасы эфирге шығады. Ал «Заң алдында» даулы сот процестеріне қатысып, іс барысы мен сот үкімін көрерменге түсінікті тілмен жеткізеді. «Ұнайды маған» музыкалық шоуында елдің түкпір-түкпірінен келген 100 вокалист пен әнші бақ сынайды. Сондай-ақ көрермен тарихи-танымдық бірнеше деректі фильмді де арнамыздан тамашалай алады.
Елдос Есенбол
