Зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жоба тоқтатылды
Елімізде зейнетақыны автоматты түрде тағайындайтын пилоттық жоба тоқтатылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Оның айтуынша, бұл зейнетақы төлемін проактивті тағайындау бойынша пилоттық жоба болды. Бастапқыда оған мемлекеттік корпорациялар қатысты. Ұйымдардың кадр бөлімі 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты зейнетке шығуды жоспарлаған қызметкерлер үшін енгізіп отырған. Кейін квазимемлекеттік сектор ұйымдары да қосылып, ақпарат енгізді. Дегенмен басқа жұмыс берушілерден белсенділік аз болған сияқты.
Олжас Анафин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Пилоттық жобаны одан әрі қарай кеңейту мәселесі әзірге белгісіз, себебі барлық жұмыс беруші қызметкерлерінің алдыңғы жұмыс орнындағы, әсіресе 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі туралы ақпаратты енгізуге дайын емес. Сондықтан пилоттық жоба әзірге тоқтатылды, басқа бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Нақты айтқанда, е-архивті цифрландырумен, е-архивпен интеграция жүргіземіз. Еңбек өтілі туралы ақпарат сол жүйеден алынады.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдар Алтын Орда тарихындағы әйел көшбасшылардың рөлін талқылады
22.07.2026, 17:31
«4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 17:28
Ақтөбеде жаңа сквер ашылды
22.07.2026, 17:23
Ел жаңалықтарына шолу
22.07.2026, 17:20
Түркістан облысында вегетациялық кезеңде су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр
22.07.2026, 17:16
Қостанай облысында жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді
22.07.2026, 17:15
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үш жоба іске қосылды
22.07.2026, 17:13
Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті
22.07.2026, 17:11