Конституциялық сотқа 11 мыңнан астам өтініш түскен
Конституциялық сотқа 11 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл туралы да бүгін Президенттің қатысуымен өткен конференцияда айтылды. Осылайша 2 жарым жыл бұрын құрылған ұйым адам құқығын қорғауды жоғары деңгейге көтерді, дейді жиын қатысушылары. Сондай-ақ заң саласының өкілдері халықтың құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейту керек деп отыр.
Бақыт Нұрмұханов, ҚР Конституциялық Сот төрағасының орынбасары:
Қазіргі таңда конститутциялық сот осы өтініштерді қараудың нәтижесінде 5 мыңнан артық нормаларына құқықтық талдау жасап, баға берді. 400-ден астам қаулы қабылдады. 74 нормативтік қаулы қабылданды.
Серік Ақылбай, Республикалық Заң консультанттары алқасының төрағасы:
Заңды орындау үшін заңды білу керек. Заңды мойындау керек. Заң мен тәртіп қағидасы сол «Адал азамат» қағидасының айтылып жатқаны соған байланысты. Заң үстемдігіне байланысты. Заңның үстем болуы үшін біздің халқымыз құқықтық жағынан өте сауатты болуы керек.
Снежанна Имашева, Мәжіліс депутаты:
Мектептен бастап мұндай пәндерді енгізу керек. Біздің балаларымыздың санасына құю керек. Біздің Конститутциямызда бастысы - адам құқығы. Соның бәрін кішкентай қазақстандықтарымыз білсе, нұр үстіне нұр болатын еді. Негізін білсе, олардың сауаты, санасы өзгеріп тұрады.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10