Сенатор: Ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарған
Соңғы үш жылда елімізде ауыл әкімдерінің 72 пайызы жаңарған. Соның үштен бірі мемлекетте бұрын қызмет етпеген жаңа тұлғалар. Бұл туралы Шығыс Қазақстанға іс-сапармен барған Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай мәлім етті. Сондай-ақ енді ауыл-аудан әкімдерін жергілікті халық сайлайды. Шешім саяси жүйенің ашықтығы мен жаңа мүмкіндіктердің айғағы. Ел Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында өткен ашық алаңда депутат жергілікті басқару жүйесіндегі тың жаңалықтармен бөлісті.
Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:
Қазірдің өзінде ұлттық құрылтайдың аясында 16 заң өмірге келіп, тағы бесеуі парламент қарауында жатыр. Яғни бұл – үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам өкілдерінің бастамасымен дүниеге келген заңдар. Яғни ол ертең өмірге қажеттілігімен қатар, орындалатын нақты заңдар деп айтуға болады. Парламент сессиясының қорытындысы бойынша өзіңіз естіген де боларсыз, тек қана осы сессияның өзінде 158 заң жобасы қаралып, 89 заң қабылданды.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06