Сарапшы: «Қайраттың» қарсыластарына шамасы жетеді
Алматылық «Қайраттың» жеребеде түскен қарсыластарына шамасы жетеді. Әсіресе өз алаңымыздағы ойындарда жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігі бар. Оған осы маусымда, өз алаңында өткізген іріктеу матчтарындағы нәтиже дәлел. Спорт комментаторы Ерсін Еріктің пайымы осы. Ал жалпы матчтарда «Реал Мадрид», «Интер», «Арсенал» сынды командаларға қарсы ойнау қиын болады, - деді. Мұны жанкүйерлер жақсы түсінеді деп қосты. Сонымен бірге жоғары деңгейлі командалармен ойнау қазақстандық клуб үшін үлкен тәжірибе. Команда сапындағы жас футболшылар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болатынын жеткізді.
Ерсін Ерік, спорт комментаторы:
Өз алаңымызда «Реалдан» бөлек, біз «Пафосты» қабылдаймыз және «Брюггені», «Олимпиакосты» қабылдаймыз. Сондықтан да осы командалардан өз алаңымызда ұпай алуға әбден болады. Сырт алаңдағы ойындарға байланысты әрине «Арсенал», «Интер» сияқты ұжымдарға қарсы ойнау «Қайрат» үшін оңай болмайды. Бірақ биылғы маусымда «Қайрат» барлық жанкүйерін, бүкіл Еуропаны, бүкіл әлемді таңқалдырып жатыр. Сондықтан да әрі қарай біздің командамыз таңқалдырудан жалықпайды деген ойдамын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13