Ким Чен Ын келесі аптада Бейжіңге барады
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын келесі аптада Қытайға сапар шегіп, әскери парадқа қатысады. Алдағы шеру Жапонияның ІІ дүниежүзілік соғыста ресми түрде тізе бүгуіне арналады. Бұл шара Ким үшін ең ірі әрі көпжақты дипломатиялық оқиғаға айналмақ.
Ресми Пхеньянның мәлімдеуінше, Солтүстік Корея жетекшісі Бейжіңге Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барады. Сапар барысында Ким Ресей президенті Владимир Путинмен де жүздеседі.
Қытай – изоляциядағы Солтүстік Кореяның дәстүрлі одақтастарының бірі және басты экономикалық тірегі.
Тағы бір айта кететін жайт, Қытай астанасында қыркүйектің 3-де өтетін парадқа әлемнің 26 елінің басшылары қатысады. Олардың арасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53