Дзюдодан Болгарияда өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалына 2 отандасымыз жолдама алды. Тағы бір қазақстандық татами шебері қола жүлде үшін күреседі. Чемпиондық атақты сарапқа салатындардың ішінде 60 келідегі Ернұр Батырғали бар. Ол финалда тәжік балуанымен белдеседі. Екіншісі – 66 келідегі Мұхаммедәлі Жылқайдар. Жартылай финалда жеке байтарап спортшыны иппон әдісімен жеңген отандасымыз алтын жүлде сарапқа салынатын күресте де тағы бір ресейлік балуанды жеңуге тырысады. Осы салмақтағы Ролан Қайырғали қола жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, кеше 50 келідегі Арман Мыса үшінші орыннан көрініп, ел құрамасына алғашқы жүлдені салған еді. Жалпы біріншілікке 71 елдің 550 спортшысы күресіп, кім мықтыны анықтайды. Қазақстан намысын 20 татами шебері қорғайды.
Асылбек Данияр
