Мәулен Әшімбаев «Senat open» турнирінің финалдық кезеңін ашты
Астанада «Senat Open» турнирінің финалдық кезеңі басталды. Әуесқой шахматшылардың басын біріктіретін шараны Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ашты.
Жарысқа ел аумағы бойынша іріктелген 3000-нан астам әуесқой шахматшы қатысты. Турнир өңірлерде екі кезеңнен өтті. Ал финалға 215 қатысушы жолдама алды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ашылу рәсімінде соңғы жылдары елімізде зияткерлік спорт түрін дамытуға ерекше көңіл бөлінгеніне тоқталды. Сондай-ақ шахматты дәріптеуге, кәсіби және әуесқой деңгейде дамытуға тиісті жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Осы мақсатта биыл мектеп бағдарламасына «Шахмат негіздері» пәні енгізілген. Аталған бастама 60 мыңнан астам оқушыны қамтымақ.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен шахматты дәріптеуге үлкен мән беріп келеді. Соның аясында 2027 жылға дейін кешенді жоспар қабылданды. Басқа да ауқымды жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Парламент Сенаты мен Қазақстан Шахмат Федерациясы бірлесіп ұйымдастырған осы турнирде сол бағытта жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі. «Senat Open» сайысы осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алдағы уақытта да бұл бастама ары қарай дамып, игі дәстүрге айналады деп сенеміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04