Ким Чен Ын келесі аптада Бейжіңге барады
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын келесі аптада Қытайға сапар шегіп, әскери парадқа қатысады. Алдағы шеру Жапонияның Екінші дүниежүзілік соғыста ресми түрде тізе бүгуіне арналмақ. Бұл шара Ким үшін ең ірі әрі көпжақты дипломатиялық оқиғаға айналмақ.
Ресми Пхеньянның мәлімдеуінше, Солтүстік Корея жетекшісі Бейжіңге Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен барады. Сапар барысында Ким Ресей президенті Владимир Путинмен де жүздеседі.
Қытай – изоляциядағы Солтүстік Кореяның дәстүрлі одақтастарының бірі және басты экономикалық тірегі.
Тағы бір айта кететін жайт, Қытай астанасында қыркүйектің 3-де өтетін парадқа әлемнің 26 елінің басшылары қатысады. Олардың қатарында батыс мемлекеттерінің өкілдері болмайды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04