Талапқа сай емес базарлар жабылады
Келесі жылдан бастап талапқа сай модернизациядан өтпеген базарлар жұмысын тоқтатады. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Ол Қарағандыдағы базарларды аралап көріп, сауда жасап тұрған кәсіпкерлермен тілдесті. Министрдің айтуынша, жаңғырту картасына енген 100-ден аса базардың 60 пайызы ғана жұмысты толық аяқтаған. Жаңа ережеге сәйкес базар иелері жалға алу ақысын жылына бір рет қана өзгерте алады. Сондықтан саудагерлердің қорқуына негіз жоқ деді. Кеншілер қаласында төрт базар бар. Оның тек біреуі ғана қайта жаңғыртылған. Жыл аяғына дейін тағы бір сауда орны жөнделеді.
Арман Шаққалиев, Сауда және интеграция министрі:
Қарағанды облысында 2 базар «Алтын арба», «Горняк» - олармен кездесеміз. Жұмыс істемейтін болса, онда заңнама түрде жауып тастаймыз. Олар жұмыс істей алмайды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты
23.10.2026, 13:08
Бельгиядағы қазақстандық студенттер тың бастама ұсынды
23.10.2026, 13:05
Қыста елорда тазалығына 1500 адам жұмылдырылады
23.10.2026, 13:02
Елде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді
23.10.2026, 13:00
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25