Ақтөбеде жас мамандар ант берді
Ақтөбеде Конституция күні қарсаңында жұмысқа енді ғана орналасқан мемлекеттік қызметшілер ант берді. Шара облыстық кітапханада өтті. Жастар бұл рəсімнің өте маңызды екенін айтады. Өйткені жауапкершілік жүгі ауыр. Олар өздері таңдаған салада адал əрі сапалы қызмет атқаруға уəде берді. Жас мамандар Конституция күніне орай жасақталған кітап көрмесін де тамашалады. Кітапханашылар «Жеті жарғы» заңдар жинағы мен дауды да, жауды да бір ауыз сөзбен тоқтатқан билердің өмірі туралы баяндап берді. Көрмеге Ата заңымызға қатысты көптеген кітаптар, белгілі авторлардың еңбектері қойылған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11