Қытай Израильден Газадағы əскери операцияны тоқтатуға үндеді
Қытай Израильден Газадағы əскери операцияны дереу тоқтатуға шақырды. Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Гэн Шуан Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осылай деп үндеу тастаған. Дипломат «Насер» ауруханасына жасалған шабуылды халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу деп мəлімдеді. Бұған қоса барлық шекара өткелдерін ашуды, гуманитарлық көмек жеткізуді жеделдету қажеттігін айтты. Ал Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Таяу Шығыстың тарихында ашаршылық дерегі алғаш рет ресми түрде тіркелді деп мəлімдеді.
Барбара Вудворд, Ұлыбританияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:
Газадағы аштық - адам қолымен жасалған моральдік қылмыс. 100-ден астам бала аштықтын қайтыс болды. Ал азық-түлік Газа шекарасында тұр. Израиль дереу шектеулерді алып тастап, азық-түлік, дəрі-дəрмек пен отын жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22