Дәл осы eGov-тан мемлекеттік қызметтерді онлайн алып, уақытымызды үнемдедік. Енді мемлекеттік қызмет түрлері тіптен қолжетімді болмақ. Интернет болмаса да, ұялы телефоныңызда тариф бітіп, қаржысы жоқ болса да, қызметке онлайн жүгіне ала аласыз.
15 қыркүйектен бастап Aitu, eGov, eGov Business, eOtinish қызметтері интернетсіз қолжетімді болады. Бүгінгі таңда 1400-ден аса мемлекеттік қызметтің 368-і толық автоматтандырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Жыл соңына дейін жасанды интеллект арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қамтамасыз етіледі. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Цифрлық штабта осындай маңызды шешімдер қабылданды. Мақсат - Президенттің цифрландыру саласында алға қойған міндеттерді жүзеге асырып, халыққа қолайлы жағдай жасау.
Самал Қабышева
