28 тамызда UEFA жеребесі тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 тамызда UEFA жеребесі тартылады

27.08.2025

Ертең, яғни 28 тамызда Монакода UEFA Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Футбол тарихындағы маңызды шара өткен жылғы тәртіппен ұйымдастырылады. 36 команда төрт себетке бөлініп, қарсыластары автоматтандырылған бағдарлама арқылы анықталады. Бір федерацияның командалары бір-бірімен кездеспейді.

Айта кетейік, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының жеребесі бірге өтеді. Оны «Qazsport» телеарнасы сағат 21:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Ал ойын кестесі 30 тамызға дейін жарияланады.

Енді алматылық «Қайраттың» болжамды қарсыластары туралы айтсақ. Клубтар рейтингісінде көш бастап тұрған командалар төрт себетке бөлінетінен ескерсек, «ПСЖ», «Реал», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боррусия», «Барселона» осылардың ішінен екеуі алматылық ұжымға қарсылас болады. Яғни, бұл әлемде атақ-даңқы жер жарып тұрған командалар жуырда Қазақстанда матч өткізеді деген сөз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу