«Қайрат» чемпиондар лигасына географиялық өзгеріс әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайрат» чемпиондар лигасына географиялық өзгеріс әкелді

27.08.2025

«Қайрат» чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтіп, енді Еуропаның клубтарына қиын болатын болды. Себебі Алматы қаласы Англия мен Португалия сияқты елдерден тым алыс қашықтықта жатыр. Қазіргі уақытта «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының кезеңіне қатысқан ең шығыста орналасқан команда болып, жарыстың жаңа географиялық рекордын орнатқалы тұр. Арасы мыңдаған шақырым және бір емес, төрт уақыт белдеуі клубтар арасын бөлмек.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан әуелі Азия футбол конфедерациясында болған. Сөйтіп 1994 жылы FIFA-ға өтіп, кейін 2002 жылы Қазақстан UEFA-ға толық мүше ретінде қабылданды. Өйткені Атырау қаласы Еуропа мен Азия шекарасында орналасқан. Қала орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің бір жағы - Еуропа, екінші жағы - Азия. Сондықтан бізде заңды таңдау болды. Ең қызығы - кешегі матчтың қаһарманы атанған Темірлан Анарбеков Қазақстан UEFA-ға толық мүше ретінде қабылданған соң, бір жылдан кейін 2003 жылы сол Атырауда дүниеге келген.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу